63.3(5Қаз)
Қ 17
Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар [Мәтін] : халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары / [Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
ұлттық
комиссия ; Біріккен Ұлттар Ұйымының
Қазақстандағы даму бағдарламасы өкілдігі ; Л. Н. Гумилев ат. Еуразия Ұлттық
университеті ; даярлаған Д. Қамзабекұлы]. – Астана : Форма Плюс, 2015. - 304
б.
Жинаққа Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ Қазақстандағы
даму бағдарламасы өкілдігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
бірлесіп өткізген «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның таңдаулы баяндамалары мен сөздері
енді.
Қазақ хандығы
құрылуының 550 жылдығына арналған бұл ғылыми шара Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың ұйытқы болуымен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да
2015 жылы 12 маусымда өтті. Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар мен
қаламгерлер, тәжірибелі ұстаздар мен жас зерттеушілер қатысты.
Еңбек тарихқа
қызығатын отаншыл рухтағы қалың оқырман қауымға арналған. |