Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Алдар көсе

82.3(5Қаз)

А 40

   Алдар көсе [Мәтін] / [құраст. Г. Ақжолова]. – Нұр-Сұлтан : Фо-лиант, 2021. – 144 б. : сурет. – (Балалар әдебиеті жылы). – (Қазақ

 халық ертегілері).

Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айла- кердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз-әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Алдар көсе қазақтың нанымында халықтық қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қарекеті бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдардың тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне бөленген. Ол сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді.

Алдар көсе – түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т. б.) әдебиетіне ортақ тұлға. Бұл Алдар көсе жайындағы аңыз-әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мән- ділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ.

Жинақта Алдар туралы әңгімелер беріліп, суреттермен безендірілген. Оқуға тілі жеңіл, оқиғасы қызықты.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus