Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Нұрғиса Тілендиев = Нургиса Тлендиев
85.31
Т 93
Нұрғиса Тілендиев = Нургиса Тлендиев [Мәтін] : кітап-альбом / [құраст.: Тілендиева Д., Масатбаев О.]. – Алматы : Өнер, 2020. – 280 б. : сурет. – (Халық перзенті).

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) – XX ғасыр көгінде қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде аса көрнекті шығармалар қалдырып, ұлттық музыка тасқынын өте биік деңгейде бүкіл әлемдік өнер дариясына молынан апарып қосқан ұлы тұлға. Ол – қазақ топырағындағы ежелгі Қорқыт, Асанқайғы, Кетбұға, бертінгі – Құрманғазы, Қазанғап, Дәулеткерей, Тәттімбет, Байсерке секілді ұлы композиторлар, сазгерлер мен сал-серілердің музыкалық дәстүрін өткен ғасырда тамаша дамытып, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырған айрықша талант.

Нұрғиса Тілендиев – Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1978ж.), КСРО Халық артисі (1984 ж.), Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты (1985 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1995 ж.), «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызының иесі.

Н. Тілендиев – әйгілі композитор, төлтума дирижер, кемел домбырашы. Осы үш қасиеттің үйлесімі кәсіби халық музыкантының бесаспаптығын дәлелдейді.

XX ғасырда өмір сүріп, талантымен әлем деңгейіне самғап шыққан ғұлама композитордың өз өмірінен, шығармашылық кездесулерінен, замандастарының бейнелерінен, отбасылық мұраларынан жинақталған – биыл туғанына 95 жыл толып отырған күйші-композиторға арналған осы кітап-альбом қаһарман музыканттың ғұмырлық келбетін бізге жақындата түседі.

Нургиса Тлендиев (1925-1998) – великая личность, оставившая в XX веке в национальном музыкальном искусстве казахского народа значительные произведения, внесшая своим творчеством огромный вклад в мировое признание казахской национальной музыки. Это весьма талантливый человек, который внес свою лепту в развитие музыкальных традиций великих композиторов, музыкантов и разно-сторонних творческих личностей казахской земли, как представители древности Коркыт, Асанкайгы, Кетбуга, более поздние, как Курмангазы, Казангап, Даулеткерей, Таттимбет, Байсерке, оставившие свое творчество в качестве вечного и бесценного наследия будущим поколениям.

Нургиса Тлендиев – лауреат Государственной премии Казахской ССР (1978 г.), Народный артист СССР (1984 г.), депутат Верховного Совета Казахской ССР (1985 г.), лауреат Государственной премии РК (1995 г.), обладатель Золотой звезды «Халык Каһарманы».

Н. Тлендиев – известный композитор, оригинальный дирижер, достигший совершенства домбрист. Сочетание этих трех качеств свидетельствует о разносторонней одаренности профессионального музыканта.

Данная книга-альбом, посвященная к 95-летию со дня его рождения и созданная на основе материалов о жизни великого композитора, жившего в XX веке и своим талантом достигшего мирового признания, о его творческих встречах, образов его современников, из его семейного архива, делает еще ближе жизненный образ замечательного музыканта.





Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus