| Жамангарин, Д. С. Қалалық көлікті басқарудың IoT технологиялар негізіндегі интеграцияланған интеллектуалды жүйелері 39.8 Ж 24 Жамангарин, Д. С. Қалалық көлікті басқарудың IoT технологиялар негізіндегі интеграцияланған интеллектуалды жүйелері [Мәтін] : монография / Д. С. Жамангарин, А. Д. Тулегулов ; ҚР Ғылым және жоғары білім М-гі, Қазақ технология және бизнес ун-ті. – Алматы : ADAL KITAP, 2023. – 241 б. : сурет.
Монографияда автокөлік саласындағы интеллектуалды басқару жүйелерінің қазіргі жағдайына баға берілген. AnyLogic, VMware Workstation Pro, TIA Portal V13, Logo орталарында имитациялық және ситуациялық модельдеуді қолдана отырып жүйелік талдауды қолдану мүмкіндіктері зерттелді. Ұжымдык интеллектуалды ІоТ құрылғысы ретінде бағдаршам объектілерінің уақыт фазаларының динамикалық өзгеруі автокөлік жолдарының ең көп жүктелген учаскелеріндегі көлік ағындарының динамикасын өзгертуге және белсенді басқаруға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Монографияда Алматы және Астана қалаларында ақылды бағдаршамдарды енгізу бойынша тәжірибелік-іздестіру жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Жалпы жол жағдайын ескермей, автономды түрде жұмыс істейтін жергілікті ақылды бағдаршам жасау теориялық тұрғыдан өткізу қабілеттілігін жаксарта алатыны көрсетілген. Монографияның бірінші тарауын Д. С. Жамангарин, екінші тарауын А. Д. Тулегулов жазды. Монография студенттерге, магистранттарга, сондай-ақ мамандарға пайдалы болуы мүмкін. Монография қаржыландырылатын АР19678998 «Елдің мегаполистерінің ақылды бағдаршамының нейрондық компьютерлік көрінісі» жобасының нәтижелері негізінде орындалды. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Нашли ошибку? Выделите ее и нажмите "CTRL+Enter"
|