| Ветеринариялық пропедевтика 48я7 В 38 Ветеринариялық пропедевтика [Мәтін] : оқу құралы / авторлар ұжымы: Е. Е. Біләлов [т. б.]. – Алматы : Альманах, 2020. – 172 б. : сурет.
Оқу құралының мазмұндық құрылымы гректің propaideuo – алдын ала оқу қағидасына сәйкес «ветеринариялық медицина» мамандығын игерудегі клиникалық балау ілімінің негізіндегі талаптарын жүзеге асыру мақсатында құрастырылған. Ал теориялық шығарылымы жануар организмінің морфофункционалдық қалыптасуы мен оған әсер ететін ішкі және сыртқы орта факторлары тарапынан туындайтын клиникалық, физиолого-биохимиялық, морфофункционалдық және басқадай заңдылықтар динамикасын бағалауға негізделген. Сондай-ақ жоғары арнайы білім беру орындарындағы білім алушылардың оқуға деген ынтасы мен дағдыларын, іс-әрекет және ойлау тәсілдерін жүйелі түрде ұйымдастыруға арналған. Оқулық арнайы орта және арнайы жоғары білім орындары мен ветеринар дәрігерлерге арналған. Сонымен қатар оқулықты болашақта жетілдіру үшін өз көзқарасын білдіріп, құнды ескертпе мен ұсыныстар жасаған әріптес, оқырмандар және студенттерге шын көңілден ықылас білдіреміз. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Нашли ошибку? Выделите ее и нажмите "CTRL+Enter"
|