Қазақша | Русский | ||||
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00 Жексенбі – 9.00 – 17.00 Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
| |||
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
|
Сортировка: по алфавитув обратном порядке Солодова Фания Гаппаровна 1938 жылы 14 мамырда Бұхара қ. (Өзбек КСР) туған. 1956 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Киев технология институтына түседі де, оны «инженер-технолог» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Сьянов Илья Яковлевич Әулиекөл кентінде шаруа отбасында туған. Қостанай ке-ңестік партия мектебінде оқып, кейін Чкалов қаласында жұ-мысшылар факультетін бітірген. Алматы тігін фабрикада ди-ректор болып істеді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Телятников Леонид Петрович Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Введенка ауылында туған. Генерал-майор, Кеңестер Одағының Батыры. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Темірбаев Сейтхан Нұрмұхамбетұлы Қостанай обл. Таран ауд. Қызылжар ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. 1942 ж. мамырында армия қатарына шақырылады. 1943 ж. кіші лейтенанттар курсын бітіреді. Донбас, Николаевск, Одесса облыстары мен Молдавия жерлерін және Сталинградты азат етуге қатысады. І Белорус майданы 5-ші екпінді армиясы 230-шы атқыштар дивизиясы 990-шы атқыштар полкінің ко-мандирі капитан Темірбаев Берлинді алу кезінде көзге түсті. Кеңестер Одағының Батыры атағы 1945 ж. 31 мамырында берілді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Терновой Иван Кондратьевич 1935 жылы Семиозер ауданы Анастасьевка ауылында туған. КСРО білім беру ісінің үздігі, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдары кандидаты, ҚМУ профессоры (1995), жоғарғы оқу орындарында 1973 жылдан жұмыс істеп келеді. Ғылыми-педагогикалық қызметін аға оқытушы қызметінен бастап, кейін кафедра меңгерушісі, сырттай оқу бө-лімінің проректоры болды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Трофименко Макар Антонович Витебск губерниясында кедей-шаруаның отбасында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 15 жасынан Петербор қ. қара жұмысшылықтан бастап, кейін Путиловск зауытында шегелеушінің көмекшісі, жөндеуші және темір ұстасы болып жұмыс істеді. 1915 жылы патша әскеріне понтонды батальонға қатардағы жауынгер болып қабылданады. Алайда соғыс өндірісіне жұмыс күші жетпей жатқандықтан оны Ижевский зауытына жіберіп, сол жерде 1920 жылға дейін жұмыс істей-ді. 1930 жылы Украина партиясының ОК оны Бүкілодақтық социалистік егін шаруашылығы академиясына оқуға жібереді. Оқуын аяқтағаннан кейін Қостанай облысының Ленин ат. және Кеңарал егін кең-шарларында директор болып істейді. 1937-1953 жылдары Макар Антонович ауыл шаруашылығы саласындағы жауапты лауазымдарда қызмет істеді. 1954-1955 жылдары кеңшарлар тресінің директоры болды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Тюшев Христофор Евгеньевич 1905 жылы Архангельск облысы Котласс ауданы Курцев ауылында жұмысшы отбасында туған. 1921 жылы бастауыш мектепті бітіргеннен кейін жеке отбасылық шаруасымен ай-налысты. 1927 жылы Х. Е. Тюшев Қызыл Армия қатарына қабылданды. Шекара бөлімінде ол үлкен өмір мектебінен өтіп үлгірді. 1930 жылы Христофор Евгеньевичті (б) БКП қатарына кандидат етіп қабылдады. Бұл кезде елде ауылша-руашылығын жаппай ұжымдастыру басталған болатын. Х. Е. Тюшев ерікті топтың құрамында Қазақстанға жол тартады. Ол Қостанай облысы Федоров ауданы «Советский землероб» ұжымшарында қатардағы ұжымшар жұмысшысы болып жұмыс істейді. Қостанайдағы қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін Федоровта, Темірде, Ақтөбеде, Қос-танайда милиция органдарында жұмыс істейді. Партияның саясатымен бел-сенді түрде қоғамдық жұмыстар жүргізеді. 1939 жылдың тамызында Х. Е. Тюшевті Қостанай қалалық партия комитетінің үшінші хатшысы етіп сай-лайды. 1942 жылдың сәуірінде 151-ші жеке атқыштар бригадасының жау-ынгерлерімен бірге саяси жетекші Тюшевте майданға аттанады. Христофор Евгеньевич өмірінің соңғы жылдарын Рига қаласында өткізеді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Уфимцев Анатолий Гаврилович Омбыда туған. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери гео-дезист болды. Қорғаныс ғимараттарын жоспарлауға, Кеңес-тер Одағының бірыңғай геодезия жүйесін құрастыруға, кейін Қостанай облысының атласын жасауға қатысты. Облыстық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінде жұмыс істеді. Ана-толий Гаврилович шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, белгілі шахматшы-теоретик, КСРО спорт шебері, Қазақ КСР он бір дүркін чемпионы, Орта Азия мен Қазақ-станның бес дүркін спорт шебері. Қатарлай ойнау жүйесінің авторы, оның енгізген жүйесіне «Уфимцев қорғанысы» атауы берілген. Бү-кілодақтық дәрежедегі төреші. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Үкін Кенжебек Үкіұлы 1940 жылы 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күр-шім ауданының Қойтас ауылында туған. 1962 жылы Абай ат. Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіреді. 1982 ж. Семей зооветерина-рия институтын және 1988 ж. жоғарғы партия мектебін үздік бағаға бітіріп шығады. Еңбек жолын 1962 ж. физика пәнінің оқытушысы болып бастады. 1962 - 1964 жж. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Комсомол, кеңес және партия жұмыс-тарында болды. 1987 ж. Қостанай облисполкомның төрағасы болып сайла-нып, 1990 ж. тамызында Торғай обкомының бірінші хатшысы болып тағай-ындалады. 1992 ж. ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қостанай облысы әкімшілігінің басшысы болып тағайындалады. 1993 ж. желтоқсанынан об-лыстық тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасын, облыстық экономика басқармасын, кейін мемлекеттік қызметтер істері облыстық басқармасын басқарды. Қазақ КСР ХІ және ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Хакімжанова Мәриям Қостанай обл. Қостанай ауд. Қобыланды ауылында ту-ған. Жұмысшылар факультетінде оқи жүріп (1931 - 1932 жж.) ол «Әйел бостандығы» журналында (1929 - 1932 жж.) әдеби қызметкер және жауапты редактор болып істеді (1932 - 1934 жж.). Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
| |||