Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қала мен кітапхана өмірі: облыстың шағын қалаларындағы кітапханалар жұмысы» семинары туралы ақпарат (Лисаков ОКЖ ОҚК)
13.06.2018

2018 жылдың 12 маусымында Лисаков ОКЖ «Қала мен кітапхана өмірі: облыстың шағын қалаларындағы кітапханалар жұмысы» облыстық семинары болып өтті. Семинардың жұмысына облыстың ОКЖ директорлары, орталық кітапханалардың қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері және ауылдық кітапханашылар қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша 2012-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасы жасалған. Аталған бағдарламаның басты бағыттарының бірі осы өңірлердегі тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын көтеру болып табылады. Кітапхана жұмысы азаматтардың әл-ауқатын көтеруге ықпал ете алмағанымен өмір сапасын арттыруға үлес қоса алады.

Қостанай облысында шағын қалалардың санатына Рудный, Лисаков,  Жітіқара және Арқалық қалалары жатқызылған.

Шағын қалалар кітапханаларының міндеті – кездесетін жерді басқаға ауыстыруға болмайтын орын болу, себебі тек осы жерде ғана халықтың ақпараттық, білім берушілік, ағартушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмек көрсетіліп, олардың бос уақытын тиімді өткізудің жолдары көрсетіледі. 

Семинарға жиналған кітапханашыларды  Лисаков қ. әкімінің орынбасары Жарылқасымова Гүлмира  Қазбекқызы құттықтады. Лисаков қ. ОКЖ директоры Елизавета  Викторовнаға Волокитина өзінің «Лисаков ОКЖ кітапханаларының қаланың мәдени кеңістігіндегі орны» баяндамасында кітапханалардың оқушы тарту бойынша атқарып жатқан жұмыстарына жалпы талдау жасады. 

ОКЖ кітапханаларының қаланың басқа әлеуметтік құрылымдарымен тығыз және жемісті ынтымақтастық орнатқанын аталған ОКЖ қызметкерлерінің қызықты баяндамалары ғана емес, сондай-ақ семинар қонақтарының көрнекі және әсерлі баяндамалары да дәлелдеп берді. 

Қала кітапханаларының оқу орындарымен тығыз жұмыс істейтіні туралы Лисаков техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, психолог Сенчева Людмила Анатольевна өзінің «Кітапхананың оқу орындарымен ынтымақтастығы» баяндамасында айтып берді. Мұның сыртында ол шараға қатысқандармен «Адам», «Қыстырғыштар», психологиялық тренингін өткізді. Аталған жаттығулардың мақсаты – кітапханашының әр оқырманның жүрегіне жол табуына көмектесу.

Мұражайлар мен кітапханалардың бірлескен жұмысы туралы «Жоғарғы Тобыл  тарихы мен мәдениетінің Лисаков мұражайы» ММ директоры Ермағамбетова Шынар Ерденқызы айтып берді.

Шағын қаладағы өмірді қалайша көңілді және жарқын қылуға болатыны туралы №2 Лисаков кітапхана-филиалының меңгерушісі Поливода  Светлана  Викторовна «Өмірдің жарқын жақтары» мінбер-кездесуін – таныстырылымдық шарасын ұсына отырып айтып берді. Аталған шараға жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып жүрген облысқа танымал велоспортшылар Поливода Олег Михайлович пен Төлебаев Қайрат Семмбайұлы қатысты.

Лисаков балалар кітапханасының меңгерушісі Татьяна  Николаевна Бакунның «Қуыршақ театры – қайтып келген кітап» баяндамасы «Шығыс ертегілерінің әлемі» кітапханалық перфомансын көрсетумен сүйемелденді.

Рудный қалалық ОКЖ директоры Александренко Лариса Анатольевна  «Кітапхана – мәдениет және кітап оқу кеңістігі: қаладағы пікір алысу және қала тұрғындары үшін әлеуметтік саты қалыптастыру алаңы» деп аталған баяндамасында шағын қалада пікірлестерді көптеп тартудың сырымен бөлісті.

Жітіқара ОАК қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Яковлева Римма Анатольевна мен Арқалық қ. №2 ОӘҒК директорының кітапхана істері жөніндегі орынбасары Жанғалиева Роза Жылқыбайқызы  өздерінің жұмыс тәжірибелерін ортаға салды.

Семинар соңында қатысушылар Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК мен Лисаков ОКЖ қызметкерлеріне семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін, лисаковтық әріптестеріне қонақжайлықтары үшін алғыстарын білдірді.    

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus