Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отбасылық құндылықты сақтайық»
10.10.2018

9 қазанда Отбасы күні мерекесі қарсаңында Әмбебап оқу залының қызметкерлері «Отбасылық құндылықты сақтайық» беделді кездесуін өткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 1 наурызындағы жарлығымен бекітілген «Отбасы күні» мерекесі қоғамымыздың түрлі ұрпақ өкілдерін байланыстырушы мүшесі болып табылатын отбасының адамгершілігі мен руханилығын нығайтуға ықпал етеді.

Беделді кездесу жас ұрпаққа оң ықпал етті. Біздің құрметті қонақтарымыз, соның ішінде журналист және қаланың құрметті азаматы Жақсанов Оразалы Отынбайұлы, Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Дайыр Дүйсен Сәрінжіпұлы, ақын Өтелбаева Салтанат Амантайқызы кездесуге келгендерге өздерінің отбасылық құндылықтары туралы айтып беріп, отбасылық тәжрибелерін ортаға салды және ерлі-зайыптылықтың маңызы туралы әңгіме өткізді.

Бұлардан басқа қонақтарды музыкалық сыйлық пен жиналғандардың зор қызығушылығын тудырған «Шуағы мол шаңырақ» кітап көрмесі күтіп тұрды

Кездесу барысында жас жүректерге туған шаңырақ астында алған тәрбие – алдағы өмірдің кепілі және жетістігі, ал Отанға деген махаббат отбасына деген махаббаттан басталады деген ой беки берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus