Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Көркем сөз алыбы
23.10.2018

22 қазанда Әмбебап оқу залы Лев Николаевич Толстойдың 190 жылдығына арналған «Көркем сөз алыбы» атты оқырман конференциясын өткізді.

Шарада философия ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ профессоры Б. Х. Әлшанова және кітапхана ісінің ардагері С. С. Юсупова сөз сөйледі. Жазушының туған және жерленген жерін – Ясная Полянаны көру мүмкіндігіне ие болған қонақтар өздерінің сапарлары жайындағы әсерлерімен бөлісіп, Лев Толстойдың шығармашылығы туралы пікірлерін білдірді.

Оқырман конференциясына ЖОО филология факультеттерінің студенттері, қала жұртшылығы қатысты. Кездесу барысында шара қонақтары Лев Толстойдың «Крейцерова соната», «Дьявол» секілді танымал шығармалары туралы пікір алмасты.

 Қатысушылардың назарына «Әлем әдебиетінің эвересті – Лев Толстой» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus