Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Теңге – тәуелсіздік тұмары
02.11.2018

1 және 29 қараша аралығында Әмбебап оқу залында теңгенің айналымға енгізілгеніне арналған«Ұлттық валюта: кеше, бүгін және ертең» кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрмеге кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған жарияланымдар, сондай-ақ ұлттық валютамыздың дизайншылары мен суретшілері туралы материалдар қойылған.

1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енгізілген Қазақстанның ұлттық валютасы мемлекетіміздің егемендігінің, оның қаржылық және экономикалық дербестігінің нышаны болып табылады.

Президент өзінің "Қазақстандық жол" кітабында сол кездегі оқиғаларды шешуі қиын мәселелер көп болған күндер ретінде еске алады. Кітаптың "Теңге – тәуелсіздік нышаны" деген тарауында Н.Ә.Назарбаев 1939 жылғы және оның алдындағы жылдардың оқиғалары жайында жан-жақты баяндайды. Ал 3 томдық "Қазақстанның жаңа тарихы" ұжымдық монографиясының авторлары Қазақстанның қаржылық жүйесінің құрылуына қатысты жаңа пікір білдіреді. "Кеңес жүйесінің дағдарысқа ұшырауы және күйреуі" деп аталатын басылымның бірінші томы оқырмандарды ұлттық валютаға ауысқан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тарихи кезеңнің ерекшеліктерімен таныстырады. 

Оқырмандар көрмеден мерзімді басылымдарда жарияланған материалдармен де таныса алады. Сарапшылардың мақалалары көкейкесті тақырыптарға: әлемдік қаржылық дағдарысқа, көптеген ұлттық валюталардың тұрақсыздығына, ҚР Ұлттық банкінің жұмысына және заңнамадағы өзгерістерге арналған.

Құрметті оқырмандар, барлығыңызды кітап көрмесін көруге шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus