Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
ЖҚТБ – әлемді жалмар жалмауыз
21.11.2018

19 қарашадан бастап Әмбебап оқу залында Дүниежүзілік ЖҚТБ күрес күніне арналған «ЖҚТБ – әлемді жалмар жалмауыз» көрме-үндеуі келушілердің назарына ұсынылды. Дүниежүзілік ЖҚТБ күрес күні 1 желтоқсанда аталып өтіледі. Көрменің мақсаты – АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесіне қатысты білімді насихаттау, саламатты өмір салтына деген оң пікірді қалыптастыру.

Көрмеге кітапхана қорынан алынған орыс және қазақ тілдеріндегі білім беру басқармасының мамандарына арналған «ВИЧ/СПИД и образование» ақпараттық жинағы, иммунологтарға, вирусологтарға, көпшілік медицина қызметкерлеріне арналған «Азбука СПИДа» анықтамалығы, терапевтерге, отбасылық дәрігерлерге және дипломнан кейінгі дайындық және медициналық оқу орындары жүйесіне арналған «Занятия с подростками по профилактике наркомании и ВИЧ/СПИДа», «АҚТҚ/ЖҚТБ» жаңа медициналық анықтамалығы секілді басылымдар қойылған.  Сондай-ақ студенттерге, әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне, психологтар мен жалпы оқырмандарға арналған әдебиеттер қойылған.

Барлығыңызды жыл аяғына дейін жұмыс істейтін көрмемізді көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus