Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жемқорлықпен күресу – әр адамның міндеті
14.02.2019

Жұрттың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында Әмбебап оқу залында «Жемқорлықпен күресу – әр адамның міндеті» көрме-толғанысы дайындалды.

Жемқорлық қоғамның барлық саласына: экономикаға, саясатқа, әлеуметтік салаға зор ықпал етеді, ал оның салдарынан болатын келеңсіз құбылыс қоғамның алға басуына кедергі келтіріп қана қоймай, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады және мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев бұл бағыттағы жұмыстың бағыттарын белгілеп берді.

Қазақстан Президенті қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті.

Көрмеге қойылған жемқорлық қылмыстар, жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың себептері мен шарттары туралы әдебиеттер оқырмандардың жемқорлықпен күрес жайындағы білімін арттырып, ел азаматтарының жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалыптастыратын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus