Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Бөлімде қонақтар болды!
14.02.2019

Абонементтер бөліміне ҚӘТУ педагогикалық факультетінің бірінші курс студенттері қонаққа келді. Абонементтер бөлімінің кітапханашысы Жанна Төлегенова оларды Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қорларымен таныстырды. Сондай-ақ республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қолдау көрсету мақсатында тұрақты жұмыс істеп тұрған «Әдебиеттің хас шеберлері» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Көрмеге 2019 жылы шығармалары жалпы халықтық оқу үшін таңдап алынған Әбіш Кекілбаев пен Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығы қойылған. Жанна Ағыбаева студенттерге әр кітапты жан-жақты таныстырып өтіп, аттары аталған авторлардың өміріне қатысты қызықты деректер келтірді. Студенттер Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен басқа да шығармалары жайындағы тартымды әңгімені қызыға тыңдады. Әңгіме соңында студенттер міндетті түрде кітапханаға жазылатындарын және акцияға қосылатындарын жеткізді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus