Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Болашақ үшін есте сақтау
21.02.2019

Әмбебап оқу залында наурыз айы бойы қазақстандық «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған кітап көрмесі жұмыс істейтін болады.

Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ, дәл осы күні Қазақстан халқының ассамблеясы құрылған болатын. Қазіргі таңда біздің елімізде армяндардың, белорустардың, гректердің, еврейлердің, корейлердің және т. б. көптеген ұлттардың этномәдени бірлестігі жұмыс істейді. Қазақстан олар үшін нағыз отбасына айналды. Бұл мереке – барлық этностардың бір-біріне, әсіресе қиын кезеңде туысындай қарсы алған қазақ халқына құрмет пен ризашылық білдіру.

Көрмеге қойылған әдебиеттер ел тарихының дамуында орын алған саяси, тарихи оқиғалардан хабар береді. Әсіресе жер аударылып, үйінен, жақындарынан айырылған, жат жерге жүдеп келген жұртқа соңғы нанын бөліп берген қазақ халқына деген жүрек жылуына, мейірім мен ризашылыққа толы кітаптар көзге түсетін жерге қойылған.

Көрмеге қойылған әдебиеттер ел тарихының ақтаңдақ беттерін аша түсуге, бір-бірімізді жақынырақ білуге және бауырлас халықтардың арасындағы достық пен келісімді нығайта түсуге ықпал ететін болады.

Көрме «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» бейнесюжетімен сүйемелденген.

Барлық қызығушылық білдірген оқырмандарды шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus