Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті
11.03.2019

Әмбебап оқу залы халықтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті» тақырыбымен ақпарат сағатын өткізді.

Өткізілген шара аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бас маманы Ж. М. Кадирбаев, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация маманы Н. Н. Искакова, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері А. Д. Жарқынғұлова мен Б. И. Бекболатова баяндама жасады.

Жемқорлық қоғамның барлық саласына: экономикаға, саясатқа, әлеуметтік салаға зор ықпал ететіндіктен, ал оның салдарынан болатын келеңсіз құбылыс қоғамның алға басуына кедергі келтіріп қана қоймай, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретіндіктен баяндамашылар осы құбылыстың көлеңкелі тұстарына көбірек тоқталды.

Шара барысында тақырыпқа қатысты кітапханада бар және ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, докторанттарға, заң саласы бойынша білім беретін мекемелердің магистранттары мен бакалаврларына, құқық қорғау органдары мен сот орындарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жемқорлықпен күрестің қылмыстық-құқықтық мәселелеріне қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған әдебиеттерге шолу жасалды.

Ақпарат сағатқа арналып дайындалған көрмеге жемқорлық қылмыстар, жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың себептері мен шарттары туралы әдебиеттер қойылды.

Өткізілген шара оқырмандардың жемқорлықпен күрес жайындағы білімін арттырып, ел азаматтарының жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалыптастыруға көмектесті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus