Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Гоголь – суретші және ойшыл
05.04.2019

Сирек кітаптар қоры әлемге әйгілі әдебиет классигі, драматург, публицист, сыншы Николай Васильевич Гогольдің 210 жылдығына арналған «Гоголь – суретші және ойшыл» көрме-қарауын безендірді. Оның өмірбаяны мен шығармашылығы әлі күнге әдебиеттанушылардың, тарихшылардың, психологтардың, ғалымдардың таласын тудырып келеді: жазушы замандастарынан мінезімен де, ойымен де ерекшеленеді. Оның шығармаларында әлі күнге оқырмандарының ойын ойран ететін әлемнің алуан түрлі ерекшеліктері көрініс тапқан.

Көрмеге жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында алуан түрлі мәлімет алуға болатын, ол туралы замандастарының айтқанын білуге болатын бірегей раритетті кітаптар, ХІХ-ХХ ғасырлардың шағын көлемді басылымдары қойылған.

Көрмені ұйымдастырушылар Николай Васильевич Гогольдің шығармаларын, атақты жазушы туралы дәйексөздерді, оның өзінің айтқандарын көрнекі безендіруге көп көңіл бөлген.

Барлық әдебиетті сүюшілер мен классикалық әдебиетті бағалаушыларды екінші қабаттың фойесінде орналасқан «Гоголь – суретші және ойшыл» көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus