Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Бәйтеректің бұтағы
20.06.2019

 

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде көсемсөзші, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаевтың 75 жылдығына арналған «Бәйтеректің бұтағы» кітап көрмесі безендірілді.

Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның бірінші Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қабашұлы Қозыбаевтың есімі Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерге де танымал. Оның тағдыры өзінің мақсатын анық білетін және соған жету үшін батыл әрекет ететін тұлғаны қалыптастырудың жарқын үлгісі болып табылады.     

Көрмеге оның еңбектері:   Қабаш Қозыбаевтың өміріне арналған «Звезды в небе» деректі-публицистикалық очеркі (2013), журналист пен БАҚ қоғам өміріндегі міндетінің жоғарылығына арналған «Гордое имя журналист» кітабы (2012), авторлық  «Отечественная журналистика» ғылыми-оқулық және көсемсөздік серияларынан алынған материалдар қойылған. Сондай-ақ журналистің рөлі мен арқалар жүгі жайындағы С.Қозыбаевтың «Когда болит душа» кітабы, профессордың диссертациялары туралы, олардың тақырыптары мен зерттеулері туралы деректер келтірілген, сондай-ақ студенттердің өздерінің ұстаздары жайындағы пікірлері берілген «Сагымбай Козыбаев. Мастер-класс ученого, педагога, публициста» басылымы (2004) да оқырмандардың қызығушылығын тудырары анық.

Қозыбаевтың көрмеге қойылған көптеген мақалалары да, мерзімді басылым бетінде онымен жүргізілген сұхбаттар мен әңгімелер де оқырманды бейжай қалдырмасы анық.  

Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus