Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлттық валюта: кеше, бүгін және ертең
01.11.2019

Елдің егемендігін білдіретін ерекшеліктердің бірі халқының өткенінен, қазіргі кезі мен болашағынан хабар беретін оның ұлттық ақшасы болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы – теңге Президент Н. Назарбаевтың 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен айналымға енгізілді. Бұл күн тарихи күнге айналды, енді біз оны ұлттық валюта – Теңге күні және «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына сәйкес қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтеміз.

Әмбебап оқу залында осы оқиғаға арналған кітап көрмесі жұмыс істей бастады. 

Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішіндегі басты басылым болып табылатын Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабында елбасы Қазақстанның жаңа тарихында орын алған күрделі кезеңдер мен жарқын сәттерді есіне алады. Бұл кітаптың «Теңге – тәуелсіздіктің белгісі» деп аталатын төртінші тарауы тұтастай ұлттық ақшаның тарихына арналған. Ол өз кітабында «1993 жылдың қарашасында теңгені енгізу біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы маңызды оқиғалардың бірі болғанын, бұның елдің егемендігін бекітуге және түпкілікті әлеуметтік-экономикалық реформа жасауға қажетті тарихи қадам болғанын» атап өтеді.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихына және ұлттық экономиканың маңызды мәселелеріне арналған «История независимого Казахстана» монографиясы, «Летопись независимости» кітабы, экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Т. Әшімбаеваның «Национальная экономика Казахстана в условиях глобализации» жинағы ерекше қызығушылық тудырады.

Теңгенің енгізілуіне және аяғынан тұруына тікелей атсалысқан елімізге танымал тұлғалардың сұхбаттары басылған мерзімді басылымдардың мақалалары да назар аударуға тұрарлық. Олар еліміздің ең басты және ықпалды басылымдары «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттері, сондай-ақ «Қазақ тарихы» республикалық ғылыми-педагогикалық журналы, банк саласының ғылыми қызметкерлері мен жалпы қызметкерлері үшін қызықты болып табылатын «Банки Казахстана» қаржылық журналы және тағы басқалар.

Кітап көрмесінің материалдарымен ағымдағы жылдың 28 қарашасына дейін танысуға болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus