Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Чеховты оқитын уақыт
16.01.2020

Әмбебап оқу залында жазушы А. П. Чеховтың 160 жылдығына арналған «Чеховты оқитын уақыт» жедел көрмесі безендірілді.

Жазушы, драматург, Император ғылым академиясының әдебиет саласы бойынша құрметті академигі Чехов шығармашылықпен айналысқан 26 жыл ішінде көпшілігі әлем әдебиетінің классигіне айналған 900 жуық түрлі шығарманы дүниеге әкелді.

Чеховтың шығармалары 100 астам тілге аударылған, ал пьесалары әлем бойынша қойылып және сахналанып жүр.

Көрмедегі «Серии биографий. Жизнь замечательных людей» сериясы бойынша жарық көрген Г. П. Бердниковтың «Чехов» басылымы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл кітапта автор тамаша жазушының өмірбаянынан хабар береді, кейіпкерінің ішкі әлемін жарыққа шығарады, оқырманды оның ойлау әдетімен таныстырады, оның замандастарымен арадағы қарым-қатынасын көрсетеді. Орыс әдебиеті классигінің озық ойлары мен келелі кеңестері, тауып айтқан сөздері мен әдеби дәйексөздері келтірілген, көпшілігінен жазушының зілсіз әзілі мен сыпайы сыны байқалатын «Чехов: вечные истины и мудрые мысли» кітабы да қызықты.

Осы және басқа да басылымдар өз оқырмандарын күтіп тұр! Сіздерді ұлы жазушының және қызықты тұлғаның мұрасымен жақынырақ танысуға шақырамыз! Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus