Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Алғыс айту күні – бірлік мерекесі
27.02.2020

Алғыс айту күні Н. Назарбаевтың бастамасымен пайда болды. Оның 2016 жылы Қазақстан халқы ассамблеясында айтқан ұсынысы әдеттегідей халықтың қолдауына ие болды. Өзара көмек, қолдау және қайырымдылық қазіргі кездегі біртұтас қоғамды қалыптастыруға негіз болды. Төрт жылдан бері 1 наурызда Қазақстан халқы өткен кезеңді еске алысып, бір-біріне күнделікті өмірдегі мейірімділіктері мен жомарттықтары үшін алғыс айтады. Алғыс айту күні – бұл біздің ортақ тарихымызға құрмет көрсетуіміз, еліміздің барлық азаматтары үшін туған үйіне айналған қасиетті қазақ жеріне ризашылық білдіруіміз. Бұл мерекенің басты мақсаттарының бірі – өскелең ұрпаққа төзімділік ұғымын түсіндіру, бір-біріне деген құрмет пен достық сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.

25 ақпан мен 20 наурыз аралығында Әмбебап оқу залы назарларыңызға «Алғыс айту күні – бірлік мерекесі» көрмесін ұсынады. Біз Қазақстанға түрлі халықтардың қалай жер аударылғаны жайындағы және бұл жұрттың Қазақстан жері мен адамдарына айтар алғыстары жайындағы әдебиеттерді ұсынамыз.

Мысалы, «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы» жинағында танымал мамандар – Ә. К. Кекілбаев, Ә. С. Сәрсенбаев, М. Қ. Қозыбаев секілді және т. б. тарихшылар, социологтар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері тек қана деректі құжаттар негізінде халықтарды жер аудару, оларды екінші отандарына айналған, өзгелермен тең дәрежеде өмір сүруін қамтамасыз еткен, азаматтық құқығы мен демократиялық еркіндігін сақтаған ежелгі қазақ жеріне орналастыру  процесін тарқатып түсіндіреді және талдау жасайды. Жинаққа көптеген бірегей материалдар енгізілген және көпшілік оқырманға арналған. Сондай-ақ көрме осы тақырып бойынша мерзімді басылымнан алынған мақалаларды да ұсынады.

Сіздерді біздің көрмемізді көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus