Құрметті оқырмандар!
Ақпараттық-библиографиялық
қамтамасыз ету бөлімі Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтың туғанына
100 жыл толуына арналған «Баймағамбетов
Сұлтан Біржанұлы» атты ақпараттық досье дайындады.
Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы – 147-і атқыштар
полкінің (43-і атқыштар дивизиясы, 67-і армия, Ленинград майданы) пулеметшілер
бөлімінің командирі, аға сержант, Кеңес
Одағының Батыры.
1943 жылдың 25 шілдесінде жаудың дзотынан оқ жаудырған
пулемет біздің әскерімізді алға жылжытпай қойды. Шайқастың тағдыры Сұлтанның
ептілігі мен ерлігіне тірелді, ержүрек жерлесіміз еңбектеп барып жаудың
жасырынып жатқан жеріне граната лақтырды, алайда сәл үнсіз қалған пулемет
қайтадан оқ жаудыра бастады. Басқа амалы қалмаған батыр ұл жүгіріп барып
пулеметтің үстіне құлай кетті. Асқан
ерлігі үшін Сұлтан Баймағамбетовқа 1944 жылдың 21 ақпанында қайтыс болғаннан
кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қостанайлық аға сержант Баймағамбетовтың ерлігі КСРО
Қарулы күштерінің Бас саяси басқармасы шығарған арнайы парақта жан-жақты
суреттелген. Сұлтан Баймағамбетовтың әскери ерлгі Ілияс Есенберлиннің «Сұр
мерген» поэмасында жырланған. Қостанайда, Құсмұрында, Алматыда оның атымен
көшелер аталған. Ал Сұлтан қайтыс болған жерге жақын маңдағы Ленинград
облысының бір гимназиясына жерлесіміздің құрметіне ескерткіш орнатылған.
Сұлтан Баймағамбетов туралы ақпаратты төмендегі
сілтемелер бойынша табуға болады:
http://pavelskaz.ru/55.html
http://tarih-begalinka.kz/ru/history/war/figures/baigambetov/
http://kstounb.kz/ru/bd/kostanai?node=4060
https://e-history.kz/media/scorm/321/388/text/text.htm
https://clck.ru/Mj7Qt
https://clck.ru/Mj7Rh
https://www.inform.kz/ru/geroi-velikoy-otechestvennoy-voyny-sultan-baymagambetov_a2761377
https://chert-poberi.ru/interestnoe/geroi-sovetskogo-soyuza-sultan-birzhanovich-baymagambetov-5-foto.html
https://infourok.ru/statya__er_esm-_el_esnde-436815.htm
https://stan.kz/erlik-ulgisin-korsetken-batir-kenes-odaginin-batiri-syltan-baymagambetovtin-maydandagi-erligi-315632/
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kak-sultan-baymagambetov-nakryil-svoim-telom-vrajeskiy-dzot-368030/
https://allib.org/ru/node/1326
https://kraeved-kst.kz/ru/gordost/o-regione/gordost-zemli-kostanaiskoi/sultan-birzhanovich-baimagambetov-1920-1944.html
http://kst.prokuror.gov.kz/kaz/prokuratura/uly-zheniske-70-zhyl/sultan-bizdin-kaharman
https://allib.org/kk/node/1327
https://balkhashlib.kz/kk/resurs_16/id/2236
https://clck.ru/Mj7j7
https://pikabu.ru/story/chtobyi_pomnili_podvig_serzhanta_baymagambetova_4293514 |