Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Онлайн әдеби оқылым
24.06.2020

            22 маусымда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпарат секторы мен «Ақ қауырсын» жастар клубы клуб мүшелерінің қатысуымен онлайн әдеби оқылым ұйымдастырды.

            Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитеті 2020 жылы жалпы халықтық оқу үшін Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романын таңдап алды.

            Онлайн оқылымның құрметті қонағы ретінде қостанайлық ақын және жас кәсіпкер, «Ақ қауырсын» жастар клубының белсенді мүшесі Аңқауов Бағылан Қызылбайұлы шақырылды. Ол «Абай жолы» романының мазмұнына жан-жақты тоқталып, оның жалпы қазақ әдебиеті үшін маңыздылығын атап өтті және жастарды аталған кітапты оқып шығуға шақырды.  Екінші шығарма – «Ұстаздың оралуы» ұлы ғалым, философ, шығыстанушы Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған. Әдеби клубтың жұмысына жауапты Айтжан Құрымғалиұлы атақты ғалымның өмірі аталған кітапта қалай көрініс тапқаны жайында айтып берді. https://www.youtube.com/watch?v=wTOxuK9eyGM

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus