2020 ж. 24.06. Л. Н.
Толстой ат. ОӘҒК «Конституция – адам құқығы мен бостандығының кепілі» атты
облыстық онлайн семинар өтті. Ол жақында болатын еліміздің басты заңының
мерейтойлық күніне – қабылданғанына 25 жыл толуына арналды.
Облыс
кітапханашыларынан басқа онлайн семинарға Қостанай облысы әділет
департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы Мұсағазина Ғалия Дәулетханқызы,
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ ұлтаралық қатынасқа талдау
және мониторинг бөлімінің жетекшісі Мырзағалиев Руслан Жүсіпбекұлы, Қостанай
облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ ұлтаралық қатынасқа талдау және
мониторинг бөлімінің бас сарапшысы Тимина Дарья Владимировна қатысты.
Семинарға қатысушылар
Конституцияның қоғам өмірі үшін маңыздылығы туралы, оның Қазақстанның
егемендігін, билік пен қоғамның демократиялық қарым-қатынасының негіздерін
нығайтып қана қоймай, еліміздің даму бағытын анықтап бергені,
әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүргізу үшін бағыт-бағдар болғаны
туралы айтып берді. Конституция еліміздегі тұрақтылықтың және тиімді
мемлекеттік басқарудың кепіліне айналды.
Түрлі елдердің
конституциясын қабылдау кезінде әртүрлі қызықты жағдайлар орын алып жататыны
белгілі. Бұл туралы «Түрлі елдердің конституциясы – қызықты деректер» атты
баяндамасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері
Шустова Елена Васильевна айтып берді.
Л. Н. Толстой ат.
ОӘҒК абонементтер бөлімі «Тұрақтылықтың, тәртіп пен заңдылықтың тұғыры» әдебиетке
шолуын дайындады және бөлім қызметкерлері Конституцияға қатысты әдебиеттерді
мүмкіндігінше толық қамтуға тырысты. Әдебиетке шолуды Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК
абонементтер бөлімінің өлкетану әдебиеттері секторының меңгерушісі Абитаева
Жанна Бақыткерейқызы жасады.
Семинарда сондай-ақ
Қостанай қ. ОКЖ А.С.Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі
Жүнісов Асқар Каналбекұлы мен Б. Майлин аудандық ОКЖ АОК әдіскері Ищенко
Наталья Николаевна баяндама жасады. ОКЖ қатысқан әріптестеріміз еліміздің
негізгі заңының баптарын оқырмандарға түсіндіру жұмыстарының қалай
жүргізілетіні жайында тәжірибелерімен бөлісіп, Конституцияның мерейтойын атап
өтуге дайындықтың қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. |