2020 жылдың 12 қазанында «Кітапхана, адамдар, жылдар, өмір...» тақырыбымен
Қарасу ОКЖ кітапханалар күні өтті.
Шараға қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Мұқанов Елдар Маратұлы
құттықтап сөз сөйледі.
«Если ты библиотекарь…» атты кітапханалық мамандықты таныстыру тартымды
және қызықты өтті.
Бұдан кейін әріптестерге «Знакомьтесь: Карасу» слайд-саяхат ұсынылды.
Қарасу аудандық орталық және аудандық балалар кітапханаларымен таныстырған
«По библиотечному лабиринту» экскурсиясы да мейлінше тартымды болды.
«О той земле, где ты родился» кітап көрмесінің шолуы жарқын, көркем
безендірілген және ақпарттық мазмұны мол шара болды.
Кітапханалар күнін «Железнодорожное–АМФ» ЖШС директоры, меценат Максим ФедоровичАртемукпенболған «Наш край красив достойными людьми» портрет-кеші жалғастырды.
Өкінішке орай, техникалық себептерге байланысты (ауданда электр жарығы
сөніп қалды) қарасулық әріптестеріміздің тағы бір іс-шарасын – «Путешествие в
мир Абая» әдеби-сазды кешін көрудің және Қарасу ОКЖ кітапханалар күнін
аяқтаудың сәті түспеді. Бірақ ұйымдастырушылар шараны әлеуметтік желіде
көрсетуге уәде етті. |