Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлттық теңге – кемел болашақтың кепілі»
03.11.2020

Әмбебап оқу залында Қазақстандағы ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық теңге – кемел болашақтың кепілі» жедел көрмесі безендірілді. Ширек ғасыр бұрын, 1993 жылдың 15 қарашасында кеңестің рублін ауыстырған теңге қолданысқа енгізілді. Теңгенің рөлін бағалау өте қиын.  Қазақстанның жаңа дәуірдегі тарихында ұлттық ақшаның енгізілуі шын мәнінде өзгерісті кезең болды.  Теңгенің енгізілуінің арқасында мемлекеттің дербес ақша-несие саясаты қамтамасыз етілді. 

Ұлттық ақшаның енгізілуіне қандай себептер болды, ақшаны ауыстыру үдерісі қалай жүрді және осы уақыт ішінде теңге қандай өзгеріске ұшырады – бұл туралы оқырмандар көрмеге қойылған материалдардан біле алады.

Қазіргі таңда теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің белгісі, Қазақстанның жаңа және болашақтағы тарихының салмақты бір бөлігі болып табылады. 

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=aiYpJHMd-Qk

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus