Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
06.01.2021
Құрметті пайдаланушылар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы деп жариялады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің бостандығы мен күш-қуатының символы болып саналатын басты ұлттық мереке.
Осы айтулы күнге орай абонементтер бөлімінде «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің көрнекті жеріне ҚР Конституциясы, Қазақстан Стратегиясы-2050, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы секілді құқықтық құжаттар қойылды.
Пайдаланушылардың назарына Қазақстан тәуелсіздігінің және еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасу тарихын баяндайтын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі кітаптардан алынған материалдар ұсынылды: Қ-Ж. Тоқаев «Преодоление», К. Адырбек «Тәуелсіздікке талпыныс», Ш. Шахай «Жан жүрегім – Астана» («Астана – сердце мое»), «История формирования государственных символов РК» кітап-албомы. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік дәуірі», «Мәңгілік Ел. Ғасырға бергісіз жылдар» еңбектері де ерекше назар аударуға лайық.
Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus