Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ы. Алтынсарин: ағартушы, демократ, педагог»
27.01.2021
2021 жылдың 27 қаңтарында Л.Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК ұлы ағартушының туғанына 180 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсарин: ағартушы, демократ, педагог» атты әдеби-педагогикалық көрменің салтанатты ашылуы өтті.  Эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара ZOOM платформасында онлайн түрінде өтті.

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы қатысушыларды көрменің ашылуымен құттықтады.

Сондай-ақ көрменің ашылу салтанатына қатысқан белгілі жазушылар мен педагогтар Ыбырай Алтынсариннің жеке басы мен қызметі туралы өз ойларымен бөлісті. Олардың ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалының директоры Марионелла Васильевна Слесарь; ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет; педагог, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, ақын, прозашы, Александра Ильинична Суслова; Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ағыбай Қарынұлы Нұғыманов болды. Онлайн таныстырылымға қосылғандардың арасында Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың көптеген оқушыларының,  сондай-ақ Қостанайдың басқа да оқу орындарының шәкірттері болғаны көңілге қуаныш ұялатты. 

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы, оның мұраларын насихаттау бойынша Л.Н. Толстой  атындағы  ҚОӘҒК атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып беріп, көрмеге қойылған әдебиеттерге жан-жақты шолу жасады.

Ыбырай Алтынсариннің әр жылдардағы көркем шығармалары, ғылыми және педагогикалық еңбектері, ұлы ағартушыға арналған көптеген әдебиеттер, журналдар, газеттер, интернет мақалалары жинақталған көрме бес бөлімнен тұрады.   

Ыбырай Алтынсариннің көп қырлы және жемісті қызметі қазақ мәдениетіне орасан зор үлес қосты, оның еңбегі қазақ мәдениетін дамыту жолындағы алғашқы қадам болды. Л.Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК ұлы ағартушының 180 жылдығына дайындаған көрмесі оның мұрасының өзектілігін жоғалтпағанын, оның әлі де қызығушылық тудыратынын және біздің қоғамның рухани-адамгершілік дамуына ықпал етіп отырғанын тағы да дәлелдей түседі.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus