Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өңір тынысы — Qostanai»
01.02.2021

2021 жылдың 29 қаңтарында Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық «Қостанай» телеарнасының 30 жылдығына арналған «Өңір тынысы – Qostanai» онлайн кездесуін өткізді. 

«Қостанай» телеарнасы Қостанай жерінде хабар таратуды алғашқылардың бірі болып бастады және 30 жыл бойы өңір жұртшылығын әлеуметтік, саяси, мәдени оқиғалар туралы хабардар етуді жалғастырып келеді. Өз жұмыстарын үздіксіз жетілдіріп отыру оған жаңа технологиялар деңгейінде болуға мүмкіндік береді.

Онлайн шараға телеарна ардагері, облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, белгілі деректі фильмдер шебері Гүлжібек Бекмұхамбетова және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Мауданов қатысты. Шақырылған қонақтар телеарнаның тарихы мен қазіргі кездегі жағдайы туралы өз әсерлерімен бөлісті. 

«Бүгінгі таңда телеарнада көптеген талантты журналистер, режиссерлер, операторлар, қоюшылар, дикторлар және басқа да мамандық иелері пайда болды. Телеарна ұжымы өңір жұртшылығын ақпараттық қамтамасыз ету жолында маңызды үлес қосуда», - деді Жанұзақ Аязбекұлы. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus