Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8Наурыз
05.03.2021

Анастасия Валерьевна Серикова

Анастасия Валерьевна Серикова 1992 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. №2 орта мектепті, содан кейін №16 кәсіптік лицейді «аспаз» мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылы ол Қостанай экономикалық колледжін бітіріп, тағы бір «маркетолог» мамандығын алды. Сонымен қатар ол Қостанай музыка мектебінде «домра» сыныбы бойынша және «Эстрада» вокал курсында оқыды.

Бірақ бұдан кейін Анастасия Валерьевна Челябі мемлекеттік мәдениет институтының бакалавриатын «театрландырылған қойылымдар мен мерекелердің режиссері» мамандығы бойынша бітіріп, білім алу бағытын күрт өзгертті. Содан кейін сол жерде әуесқой театр режиссері ретінде қосымша білім алды.

Еңбек жолын Қостанайдағы қуыршақ театрында қуыршақ театрының актері болып бастады. Сонымен қатар Орталық мәдениет және демалыс саябағында мәдени ұйымдастырушы, іс-шаралар жүргізушісі және бэк-вокалшы болып жұмыс істеді. 2014 жылы оны «Алау» телерадиокомпаниясына қуыршақ театрының актері ретінде «Волшебная страна» айдарына шақырды.

2017 жылы Анастасия Валерьевна осы уақытқа дейін жетекшілік ететін өзінің «StarKids» актерлік шеберлік студиясын ұйымдастырды. Сонымен қатар ол «Qostanaі» телеарнасында редактор, мектепте мұғалім болып жұмыс істейді және «PPProduction» жаңа жобасын жүргізіп келеді. «PPProduction» - бұл адамдар би билеп, фитнеспен, актерлік шеберлікпен және т. б. айналыса алатын шығармашылық алаң.  Анастасия Валерьевнаның айтуынша, «PP»-ді  «дұрыс жобалар» деп түсінуге болады, яғни басты мақсаты – адамдар үшін пайдалы нәрсе жасау.

Анастасия Серикованың жеке жетістіктері мен басшылық еткен ұжымдарының жетістіктері:

- «Безопасная жизнь – это твоё право» семинарына белсенді қатысқаны үшін сертификат (Қостанай қ., 2010 ж.);

- Қала мәдениетіне қосқан үлесі үшін Қостанай облысы мәдениет басқармасының грамотасы (2013 ж.);

- «BabyTalent2018» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының республикалық байқауында 1 орын (Қарағынды қ.);

- «Kostanay Business Show - 2017» 2-ші орын (Қостанай қ.);

- «ArtGlobal» халықаралықөнерфестиваль-байқауында 1 орын (Алматы қ., 2018 ж.);

- «Созвездие талантов» Гран-приі (Астана қ., 2018 ж.);

- Қостанай қ. бірінші Этно вице-мисі (2018 ж.);

- «Казанские узоры» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының XXX халықаралық фестиваль-байқауы шеңберінде «Развитие системы дополнительного образования детей: проблемы и перспективы» атты дөңгелек үстелге қатысу;

- «Я МОГУ!» халықаралық мәдени-білім беру жобасына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат;

- «Peacetochildren» VII халықаралық фестивальға қатысқаны үшін грамота;

- Әуесқой әдебиетшілердің жазғы қайырымдылық музыкалық-поэтикалық кештеріне қатысқаны үшін Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК алғыс хаты.

Анастасия Серикова – белсенді, жігерлі, ол ешқашан бір орында отырмайды, үнемі өзін-өзі дамытуға, жаңа қызықты жобаларды жасауға ұмтылады. Оның өмірлік ұстанымын былайша тұжырымдауға болады: «Ең маңызды қажеттілік – ол даму!».
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus