Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әдемі қиялдар әлемі»
08.04.2021

2021 жылдың 8 сәуірінде Л.Н. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қостанай құрылыс колледжінің «Сәулет және Дизайн» кафедрасы оқытушыларының шығармашылық жұмыстарының «Әдемі қиялдар әлемі» атты көрмесінің ашылуы болды. 

Көрмеге графикалық портреттер, көркем пейзаждар, сәндік кескіндеме, интерьерлік суреттер мен витраждар қойылған.   

Колледждің суретші-педагогтарына бұл көрме қала тұрғындарына, көрермендерге, өз шәкірттері мен студенттеріне өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, соңдарынан өсіп келе жатқан жас буынмен тәжірибе алмасуға жағдай жасады.     

Көрмеге колледж студенттері, әріптестері, өнер сүйер қауым мен суретшілер: А. В. Захарченков,  В. Быков, Н. Торшин, Н. О. Кусков, С. Луговой, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Оқырмандар мен қала тұрғындары кітапханаға келіп, әдемілік әлеміне саяхат жасай алады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus