Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ақынның аты шыққан күн»
09.04.2021
9 сәуір күні Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  үш мерейтойлық күнге арналған «Ақынның аты шыққан күн» атты шығармашылық кеш өтті.

2021 жылы Олжас Сүлейменов 85 жасқа толады. Олжас Омарұлы ғарыш туралы ең танымал поэманың – «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасының авторы болып табылады. Бұл туындының жарыққа шыққанына биыл 60 жыл толады. Поэманың басты тақырыбына айналған оқиға – адамның ғарышқа алғашқы ұшуы, ол да 60 жыл бұрын болған.

Кеште ғарышты бағындырушылар туралы әндер айтылып, өлеңдер оқылды. «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасын автордың өзі оқыған бейнежазбасы жиналғандар үшін тамаша тарту болды.

Кештің қонақтары ретінде «Невада-Семей» қозғалысының қатысушылары, кітапхана оқырмандары және студенттер қатысты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus