Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған семинар
23.04.2021

Л. Н. Толстой ат. облыстық кітапхана ZOOM платформасында өткен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған семинарға қатысты. Шараны А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ Ө.Сұлтанғазин ат. педагогикалық институтының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы ұйымдастырды. 

Семинарға педагогика ғылымдарының кандидаты О.Н. Евдокимова, кафедра меңгерушісі Е. Д. Ли, магистр, кафедраның аға оқытушысы Д. Х. Кушмурзина, магистр, П. Чужинов ат. экономика және құқық институтының азаматтық құқық және процесс кафедрасының оқытушысы С.М. Демежанова, Өлкетану әдебиеттері бөлімінің көрме-бұқаралық жұмыстар секторының меңгерушісі К. Ө. Өмірғалиева қатысты.

Сирек кітаптар мұражайы семинарға қатысушыларға келесідей бірегей кітаптарды ұсынды: араб тіліндегі «Құран» (XIX ғ. басы), А. Смирновтың редакциясымен шыққан орыс тілінің оқулығы (1854 ж.), «Переселенцы-арендаторы Тургайской области: 2-я часть отчета старшего производителя работ Кауфмана по командировке в Тургайскую область» (1897 ж.), А.С. Ситдыковтың «Педагогические идеи и просветительская деятельность И. Алтынсарина» (1949 ж.), шетел әдебиеті классиктері Эмиль Золяның, Фридрих Шиллердің, Генрих Манның көздері тірісінде жарық көрген басылымдары.

Семинарға қатысқан А.Байтұрсынов ат. ҚӨУ студенттері мен оқытушылары белсенді сұрақтар қойып, бірлескен іс-шараларды жалғастыруға ниет білдірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus