Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Рухани қазына – 2021»
21.05.2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» IV фестивалі өз мәресіне жетті. Байқаудың мақсаты – мәдениет саласының қызметкерлеріне өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау, кітапханалар, мұражайлар, мәдени-демалыс саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, өңірлік мәдениет ұйымдарының беделін көтеру.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына қолдау көрсету жылында фестивальға еліміздің 15 өңірінен 300-ден астам өтінім түсті. Өйткені фестивальға қатысу – бұл кәсіби шеберлікті тексеру, жетістіктер мен инновацияларды байқау ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысына аудару мүмкіндігі. 

 «Рухани қазына» фестивалінің арнайы жүлдесі ақын, драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Абылай Маудановқа, Қостанай аудандық ОКЖ директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Абдуллина Гүлсім Дүйсембайқызы мен Федоров ОКЖ Пешков ауылдық кітапханасының кітапханашысы Раскевич Тамара Викторовнаға табысталды.

Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК басшысы Теплякова Надежда Минеевна және Жітіқара аудандық ОКЖ басшысы Жұмағұлова Әсем Ахметуәлиқызы Мәжіліс пен Сенат депутаттарының, ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының атынан алғыс хатпен марапатталды.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК кітапханашысы Италмасов Айтжан Құрымғалиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен, Олексюк Алексей Васильевич ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ү.Д. Мұңалбаеваның алғыс хатымен марапатталды.

«Облыстық маңызы бар үздік мемлекеттік кітапхана» номинациясы бойынша биыл Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жеңімпаз атанғаны ерекше қуаныш ұялатады.
Кітапхана ұжымын, оның басшысы Д. Т. Дүйсебаеваны және облыстағы барлық әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Осындай лайықты бағалаулар жемісті жұмыс істеуге және жаңа жетістіктерге жетуге одан әрі ынталандыра түседі деп үміттенеміз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus