Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бәленің басы – есірткі»
24.05.2021

1987 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні ретінде атап өту туралы қаулы қабылдады. Әмбебап оқу залында безендірілген «Бәленің басы – есірткі» кітап көрмесі осы тақырыпқа арналған. Көрмеге есірткі заттарының адам ағзасына зиянды әсері туралы материалдар қойылған және есірткіге тәуелділікке түсіп қалмаудың жолдары туралы мамандардың ұсыныстары берілген. Синтетикалық есірткілердің кеңінен таралуы, сондай-ақ оларды өткізу үшін интернет желісін пайдалану жаһандық мәселеге айналып отыр. БҰҰ соңғы деректері бойынша әлемде 483 жаңа психобелсенді заттар, соның ішінде оның 60 жуығы Қазақстан аумағында тіркелген.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың өсуі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ерекше алаңдаушылығын тудырып отыр. Есірткі – бұл қайғылы жағдай, бұл денсаулық пен жеке тұлғаның бұзылуына алып келетін жалған ләззат. Дұрыс таңдау – бұл есірткісіз өмір.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=kegDoh3Zuno

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus