Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Замана заңғары – Мұхтар Әуезов»
19.01.2022
Көрнекті қазақ жазушысы, ғалым-академик, филология ғылымдарының докторы, профессор және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай Әмбебап оқу залы «Замана заңғары – Мұхтар Әуезов» атты кітап көрмесін дайындады. Онда ұлттық прозада, драматургияда, театр мен кинода жарқын із қалдырған көрнекті жазушының сан қырлы қызметін кеңінен қамтитын әдебиеттер қойылды. 

Көрмеге қойылған «Абай жолы» роман-эпопеясы ерекше қызығушылық тудырады, ол біздің елімізде және одан тыс жерлерде кеңінен танымал. Романның басты кейіпкері – шынайы тарихи тұлға, ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаев.

Ұлы жазушы туралы ғылыми зерттеулер мен мақалалар, сондай-ақ жазушының басқа да танымал әдеби-көркем шығармалары енгізілген «Мұхтар мұрасы» кітабы да оқырман назарына лайық.
Сіздерді жыл бойы жұмыс істейтін кітап көрмесіне шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus