Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға
02.02.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, түркітанушы, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты үлкен көрме безендірілді.

Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі билеуіне, мәдениетін, білімі мен ғылымын дамытуға, өзіндік халық шығармашылығын, ұлт рухын сақтауға деген ұмтылысқа толы болды. А. Байтұрсынұлының баға жетпес еңбегін ескеріп, саралап шыққан М.Әуезов 1923 жылдың өзінде-ақ оны «қазақ зиялыларының көсемі» деп бағалаған болатын.

Көрме осы бір бірегей тұлғаның түрлі қырларын ашатын өзара байланысты төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде А.Байтұрсынұлының өмірбаянына арналған кітаптар, мақалалар, ғылыми монографиялар бар. Сондай-ақ оқырмандар ұлы ағартушының тұлғасы көрініс табатын көркем шығармалармен таныса алады. Оның тағдырының көптеген қырлары бұл басылымдарда алғаш рет жарияланған.

Екінші бөлімде А. Байтұрсынұлының көркем шығармалары, әсіресе оның поэзиясы жинақталған. Ол әлі күнге дейін өзектілігін немесе маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Үшінші бөлімге ұйымдастырушылар А.Байтұрсынұлының Тіл білімі бойынша еңбектерін жинастырған. Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылы Орынборда шығарылған алғашқы қазақ әліппесінің авторы ғана емес, сонымен қатар қазақ грамматикасын анықтауға арналған ғылыми терминологияны әзірлеуші, қазақ тілінің барлық дыбыстарын барынша дәл жеткізетін араб графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін жасаушылардың бірі. Ол жүзеге асырған қазақ жазуының реформасы прогресшіл зиялылар арасында қолдау тапты, ал 1924 жылы ресми түрде қабылданды.

А. Байтұрсынұлының Тіл білімі саласындағы ізденістері оның журналистік және қоғамдық қызметімен толықтырылды. Бұл материалдар көрменің төртінші бөлімінде жинақталған, онда «Алаш» қозғалысына және «Ақ жол» және «Қазақ» газеттері сияқты қазақ зиялыларының баспа органдарына көп көңіл бөлінген.

Жалпы, көрме Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы жан-жақты және терең ақпарат береді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus