Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бір ел – бір кітап»
03.02.2022

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы елімізде 2007 жылдан, яғни 15 жылдан бері өткізіліп келеді. Оны өткізудің бастамашысы  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР кітапханалар қауымдастығы болып табылады.

Акцияның мақсаты – отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-отаншылдық тұрғыдан тәрбиелеу, ана тіліне ұқыпты қарау.

2022 жылы қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформашы, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толады (1872–1937 жж.).

Сондықтан республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл толығымен Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығына арналды. Ұйымдастырушылар келесідей бағыттарды анықтады:

- «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;

- «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;

- «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері мен ойлары»;

- «Қазіргі ғылымдағы ахметтану».

Л. Н. Толстой  ат. ОӘҒК өз оқырмандарын және облыстың барлық тұрғындарын акцияға қатысуға, кітапхана жоспарлаған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus