Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Журнал сөресі»
09.02.2022
Әмбебап оқу залы кітап оқуды ілгерілетуге арналған «Библио Ѕпутник» жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда және сіздерге «Журнал сөресі» бейнешолуын ұсынады.

Назарларыңызға «Вокруг света» журналын ұсынамыз. Бұл 1861 жылдан бері шығып келе жатқан ең көне ай сайынғы ресейлік ғылыми-көпшілік және елтану журналы. 

Мақалалардың негізгі тақырыптары география, саяхат, тарих, этнография, мәдениет, тамақ дайындау және басқалар болып табылады. Журнал өз өмірінде бірнеше баспагерді ауыстырды. 1918 жылдан 1927 жылға дейін және 1941 жылдан 1945 жылға дейін журнал шыққан жоқ. Алайда қай кезеңде де «Вокруг света» біздің айналамыздағы әлем, саяхат және жаһандық жаңалықтар жайында жазатын сабақтастығын сақтап қалды.

2021 жылы «Вокруг света» журналының алғашқы санының шыққанына 160 жыл толды. Саяхаттар мен жаңалықтарға арналған журналдың мерейтойын атап өтудің ең жақсы тәсілі – оның алғашқы нөмірінің оқиғаларын қайта қарап шығу. 2021 жылдың желтоқсанында редакция журналдың мерейтойлық нөмірін жарыққа шығарды. Бұл нөмірде баспагерлер журналдың бірінші нөмірінің кейбір сапарларын қайта басты.

Біз «Вокруг света» журналымен бірге қызықты саяхат жасауды ұсынамыз.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=SjCCnnunlA8
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus