Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Дәуірдің жарық жұлдызы»
09.02.2022
Құрметті оқырмандар!

2022 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпы халықтық оқу үшін мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформашы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығы таңдап алынды.

Жыл таңдауы Ұлт ұстазына кездейсоқ түскен жоқ, дәл осы жылы бүкіл ел ғалымның 150 жылдығын атап өтеді. Абонементтер бөлімінде акция аясында Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдебиет саласындағы қызметін кеңінен таныстыратын «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ашылды.

Көрмеге энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ғалымның шығармашылығы туралы басылымдар қойылған. Автордың көркем шығармалары, қазақ тілінің тіл білімі бойынша ғылыми мақалалары, қанатты сөздері мен орамды ойлары енгізілген алты томдық «Шығармалары» ерекше орын алады.

Ахмет Байтұрсынұлы 20 ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі, Алаш Орданың мүшесі болған. «Алаш қозғалысы», «Алаш жолы», «Ұлт рухы», «Алаштың аманаты», «Алаштың тілдік мұрасы» кітаптары оның «Алаш» партиясы қозғалысындағы рөлін және қазақ халқы алдындағы еңбегін ашып көрсетеді.  Ө. Әбдіманұлы өзінің «Ахмет Байтұрсынұлы» атты еңбегінде ғалымның шығармалары мен оның шығармашылық қызметіне талдау жасайды. Көрмеде ұсынылған «Маса» кітабы бос сөздік, жалқаулық, бос әурешілік, надандық сияқты адамдардың келеңсіз қылықтары мен кемшіліктерін сынайды. Ұлы қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының көрмеге қойылған еңбектері барлық адамды туған халқына қызмет етуге шақырады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus