Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»
11.02.2022
Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Әмбебап оқу залы «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты кітап көрмесін дайындады.

Біздің елімізде бұл мерекенің құндылықтары Қазақстан халқының өзара көмек көрсетуінің берік дәстүрін, достығы мен бірлігін бейнелейді. 

Бұл ең алдымен қиын кезеңде еріксіз келген жандарды қарсы алып, баспана берген, миллиондаған адамдарға құшағын ашып, Қазақстан олардың туған жері бола алатынына сендіре білген қазақ халқына деген алғыс. 

Көрменің басты міндеті – Қазақстанның халықтары мен этностарының бірлігі, достығы мемлекеттіліктің де, тұтастай демократиялық қоғамның да негізінде жатқанын көрсету.

Көрмеде ұсынылған әдебиеттер арасында келесі кітаптар: «Очерки истории народов Республики Казахстан», «Казахстанцы – Герои труда: краткий биографический справочник. 1925–2018», «Величие свершаемых дел» ерекше назар аударуға лайық.

Кітаптар еліміздің игілігі жолында еңбек етіп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының зор табыстары мен жетістіктері туралы әңгімелейді.

Көрмеге қойылған әдебиеттер ұлттық диаспоралардың еліміздің байырғы халқының мәдениетіне бейімделуі мәселелеріне қызығушылық танытатын көпшілік оқырман үшін пайдалы болып табылады, төзімділік сезімін, бір-біріне құрмет пен достық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Барлығыңызды бір ай бойы жұмыс істейтін көрмедегі әдебиеттермен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus