Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Новая Алиса в Зазеркалье
22.02.2022

20 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында ағылшын жазушысы Льюис Кэрроллдың туғанына 190 жыл толуына арналған Анастасия Серікованың балалар театр студиясының «Новая Алиса в Зазеркалье» атты спектаклі шараға жиналған жұрттың назарына ұсынылды.

Оның шын аты – Чарльз Лутвидж Доджсон. Ол логик және математик, философ және фотограф болды, бірақ жер жүзінің оқырмандарына «Алиса в Стране Чудес» және «Алиса в Зазеркалье» ертегілерінің авторы ретінде Льюис Кэрролл деген лақап атымен  танымал. Бұл ертегілер балалар мен ересектер арасында өте танымал. Оларда көптеген математикалық және лингвистикалық әзілдер, философиялық кейіпкерлер бар. Шығармалары тұтас бір жанрдың – фэнтезидің қалыптасуына әсер етті.

Льюис Кэрролл ертегісінің желісі бойынша қойылған, қиял мен ой еркіндігінің туындысы болып табылатын «Новая Алиса в Зазеркалье» спектаклін көрермендер жылы қабылдады. Аталған қойылымның жиналғандардың мәдени ой-өрісін кеңейтуге ықпал етері анық.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus