Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Талантпен танысу»
25.02.2022
2022 жылғы 24 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК жиналыс залында «Өмір жолы» жобасының «Талантпен танысу» циклынан іс-шара өтті. Кездесуге біздің өлкеміздің және бүкіл Қазақстанның танымал тұлғасы – суырып салма ақын Әсия Беркенова келді. Әсия Айыпқызы – Қазақстанның  халық ақыны, «Өнер» студиясының директоры және көркемдік жетекшісі.

Кездесу өзара сенім және достық ахуалда өтті. Көрермендер ақындық сайыстар, қарсыластар, марапаттар туралы, «Өнер» студиясын ашу идеясы және оның жұмысы туралы түрлі сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға қонақ қарапайым және түсінікті жауап берді. Сондай-ақ кездесуге ақынның ізбасарлары, оның шәкірттері Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының жетекшісі Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы және оның әріптесі Өтелбаева Салтанат қатысып, жиналғандардың назарына ақынның сөзіне жазылған екі әнді ұсынды.

Кездесу соңында қонақ оқырмандарға қолтаңба беріп, өзінің өнерін құрметтеушілермен естелік суретке түсті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus