Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8 Марта
04.03.2022

Бектұрғанова Римма Шыңғысқызы – педагогика ғылымдарының докторы, ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі, қоғам қайраткері.

1952 жылы 1 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

1974 жылы КСРО-ның 50 жылдығы ат. Қостанай педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетін «Тарих және педагогика» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Римма Шыңғысқызы Бектұрғанова 20 жылдан астам уақыт басқарған Қостанай педагогикалық колледжінің директоры ретінде танымал.

«Басқа колледждер жатақханаларын сатып жатқанда педагогикалық колледж өз жатақханасын неге сатпай қалды?» деген біреудің сұрағына ол «Жамандықтың кетіп, жақсылықтың оралатынына сендім»,-деп жауап берген болатын. Римма Шыңғысқызы жүздеген жастың өміріне жолдама берді, ол Қостанай гуманитарлық институтының құрылтайшысы.

1999 жылы Іскер әйелдер қауымдастығының Қазақстандағы алғашқы өңірлік филиалының басшысы болды, оны 10 жыл басқарды.

2011-2014 жылдары «Nur Otan» партиясының қалалық филиалын, содан кейін облыстық филиалын басқарды. Облыстық мәслихаттың депутаты болды.

2017 жылы ол Көшбасшы әйелдер клубын құрды, 2019 жылы Аймақтағы әйелдер күштерінің альянсын басқарды.

Бұл жұмыс тәжірибесі оған өткен жылдарға ой жүгіртіп, елдегі өмірдің қалай өзгергенін талдауға мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең қиын кезеңінде де Римма Бектұрғанова еш абдырамады және алдағы жақсылықтан үмітін үзген жоқ. Ол қиындықтан қорықпайтын, кез келген мәселені шешуге болатынына сенімді адамдардың бірі.   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus