Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8 Марта
04.03.2022

Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызы – ақын, журналист, аудармашы, белсенді қоғам қайраткері.

1942 жылы Орынбор облысы (Ресей) Адамов ауданы Орехов ауылында дүниеге келген. А. С. Пушкин ат. Орал педагогика институтының (Батыс Қазақстан облысы) филология факультетін бітіріп, Адамов кентінде мұғалім және «Ленинское знамя» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1970 жылы отбасымен Қостанай облысының Жітіқара қ. көшіп келеді. Жергілікті Жітіқара газеттері мен радиосында тілші және аудармашы бола жүріп, «Қазақ тілі» қоғамында белсенді жұмыс істеді. Көптеген мерзімді басылымдарда өлеңдерін жариялап, аудандық және облыстық ақындар сайыстарына қатысты. 1984 жылы Жітіқара радиокомитетін басқарды. 1992 жылдан – облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі. 1994 жылдан осы газеттің түзетуші маманы, құрметті демалысқа шыққанға дейін осы қызметте еңбек етті. Жазатын жастарды газетте жұмыс істеуге тартты, оларға өлең жазу тәсілдерін, мақалалар мен ақпараттық материалдарды дайындау әдістемесін үйретті. 1995 ж. газет ішінен жас тілшілерге арналған «Жас қалам» бетін ашты. «Азат және қанатты», «Ұлағат», «Жас қалам», «Азат елдің асқақ жыры», «Көк байрақты туған ел» альманахтарының және басқалардың редакторы болды. Қазақ тіліндегі «Жас қазақ» әдеби журналы мен екі тілді «Алға» журналын басып шығаруға бастамашы (2003-2005 жж.) болды. «Жүрегінен өлең болып өрілген» (1997 ж.), «Живи и здравствуй, умница наша» (2006 ж.), «Родина начинается с порога» (2013 ж.) кітаптарының авторы. 2000 жылдың ақпан айында қазақ тілінде жазатын жергілікті әдеби-шығармашыл жастарды біріктіру және қолдау көрсету, Қазақстан халқының мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Таза бұлақ» қоғамдық қорын тіркеді.

Мәдени мұраны насихаттау, отаншылдық сезімді, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеудегі еңбегі үшін, өмірдің түрлі салаларындағы өтеусіз қоғамдық қызметі үшін Ғ. С. Бердалинова дипломдармен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. Ол Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты (1990 ж.), Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының (2003 ж.) және «Ажар» ұлттық сыйлығының (2003 ж.) лауреаты. «Окрыленные женщины» республикалық кітабына енгізілген. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының Қостанай облысы бойынша филиалының мүшесі. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus