Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз – көктем мерекесі»
18.03.2022

        17 наурызда Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Дружба» ҚОМОО» МКҚК-да «Наурыз – көктем мерекесі» атты көшпелі танымдық-музыкалық бағдарламасын өткізді.

          Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша іс-шара шашу шашудан, бауырсақ таратудан басталды, түрлі тағамға толы мол дастархан мен осы мерекенің басты тағамы – наурыз көже мерекеге ерекше сән берді.

         «Наурыз – көктем мерекесі» кітап көрмесінің бейнешолуы дайындалды. Онда жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі жайындағы кітаптар қойылды.

           Іс-шараға қатысушылар жүргізушілердің әңгімесінен Қазақстанда ғана емес, Азияның басқа да елдерінде: Кореяда, Қытайда, Жапонияда Наурызды тойлаудың салт-дәстүрлері туралы білді. Олар Наурыз мерекесіне арналған ойындар мен сайыстарға қатысты. ҚСҚ белсенділер өлең оқып, ән айтты. Іс-шара соңында қонақтар «бата» беріп, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Барлық тілек білдірушілер қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus