Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Экскурсия
04.05.2022

3 мамырда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының курс тыңдаушылары Л. Н. Толстой ат. облыстық кітапханада болып қайтты. Олар үшін экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында педагогтар кітапхана бөлімдерімен және оның ақпараттық ресурстарымен танысты. Сирек кітаптар мұражайында, Өнер туралы әдебиеттер және Негізгі қорды сақтау бөлімдерінде көрсетілген бірегей қорлар, сондай-ақ өлкетану бойынша толық мәтінді деректер қоры туралы ақпарат, Best Profi ақпараттық-құқықтық жүйесінде ұсынылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық құжаттары курс тыңдаушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Қонақтар ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөліміндегі Виртуалды анықтама қызметінің, Құжаттарды электронды жеткізудің жұмыстарымен танысты. Педагогтар кітапхананың қашықтан қолжетімді өлкетану ресурстарын жұмыста пайдалануға ниет білдірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus