Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана дегеніміз не?» квесті
19.05.2022

Үлкен кәсіби мереке – Мәдениет қызметкерлері күні қарсаңында Қостанай қаласының барлық облыстық мәдениет мекемелері өз көрермендері, тыңдаушылары, оқырмандары үшін бұқаралық іс-шаралар өткізеді.

2022 жылдың 19 мамыры күні Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана дегеніміз не?» атты квест өтті.

Квест-ойынға гуманитарлық, Қостанай және әлеуметтік колледждердің студенттері, №14 жалпы білім беру мектебінің оқушылары, сондай-ақ мектеп кітапханашылары – «Өрлеу» курсының тыңдаушылары қатысты.

Квест барысында қатысушылар кітапхананың барлық қабаттарына орналастырылған 9 станциядан өтті. Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде, сондықтан квест еліміздің басты нышандарына арналды. Тапсырманы орындау барысында бірінші станциядан соңғы станцияға дейін өткен қатысушылар елдің басты рәміздері туралы толық ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар кітапхананың құрылымымен, оның қорларымен және мәдени мекеме ретіндегі негізгі функцияларымен де танысты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus