Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Барымызды ардақтау да бір парыз»
02.06.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Темірбаев Сейітхан Нұрмұханбетұлының 100 жылдығына арналған «Барымызды ардақтау да бір парыз» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Ол Сталинград үшін шайқастарға, Донбассты, Николаев, Одесса облыстарын, Молдавияны азат етуге, Одер және Шпре өзендерінан ұрыспен өтуге қатысты. Жерлесіміздің жауынгерлік жолы Берлинде аяқталды. Рейхстагта ол «Қазақ Сейітхан Темірбаев, Қостанай – Берлин» деген қолтаңбасын қалдырды.

Сейітхан Темірбаевтың өмірбаяны мен жауынгерлік жолы туралы толығырақ көрмеде ұсынылған әдебиеттерден білуге болады.

Көрменің көрнекті жеріне «Қостанай облысы Ұлы Отан Соғысы жылдарында: майдан және тыл бірлігі», «Қостанайлықтар – Совет Одағының Батырлары», «Қостанай облысының Әскери Даңқ кітабы» кітаптары қойылған.

Сондай-ақ «Костанайские новости», «Костанай Агро», «Маяк», «Наш Костанай» газеттерінде жарияланған Кеңес Одағы Батырының өмірі мен қызметі туралы мерзімді баспасөздегі мақалалар да қызығушылық тудырады.

Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus