Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Құрметті Бақытжамал Қайырбекқызы!
13.06.2022
Құрметті Бақытжамал Қайырбекқызы!
 
         Сізді айтулы мерейтойыңызбен құттықтаймыз.
         Өзінің ойларымен және жобаларымен жанындағы адамдарды еліктіріп, өзіне еріксіз тартып тұратын адамдар болады. Мұндай адамдардың бойында қажырлы қайрат пен жалынды жігер жинақталған және олар осы қасиеттерін өзімен бірге жұмыс істеген адамдарға беріп отырады. Сізді осындай адамдардың қатарына жатқызуға әбден болады. Сіздің есіміңіз еліміздің және шетелдің кітапхана мамандарына кеңінен танымал. 
 Кітапхана саласындағы еңбек жолыңызды ауылдық кітапханадан бастаған сіз ҚР Ұлттық кітапханасының басшылығына дейінгі еңбек жолын өттіңіз және кітапханалық қызметіңізді жемісті жалғастырып келесіз. 
         Сіз – абзал, зиялы, қайырымды жансыз. Сіздің қасыңызда болу қашанда қуанышты. Сіз тың ойлар ұсынып, әдеттен тыс шешім қабылдай аласыз және шығармашылық бастамаларды үнемі қолдап отырасыз.
         Сіздің керек кезінде берген кеңестеріңіз, тәжірибе алмасуларыңыз бізге – Қостанай облысының кітапханашыларына жаңа технологияларды сенімді енгізуге көмектесті.
          Сіздің көшбасшы ретіндегі бірегей, белсенді шығармашылық қызметіңіздің бүкіл кітапхана қауымдастығы үшін жарқын да жемісті жылдар болатынына сенеміз. Сіздің өмірлік мол тәжірибеңіз бен біліміңіз, әдеттен тыс шешім қабылдай білуіңіз, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарауыңыз, ұйымдастырушылық қабілетіңіз барлық игі бастамаларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.  
Болашақта еңбегіңіздің жемісті, кітапхана ғылымын дамыту жолындағы ізденістеріңіздің табысты, денсаулығыңыздың зор, бақытты және ісіңіздің сәтті болуына тілектеспіз!   


Құрметпен Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК ұжымы
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus