Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бала – өмірдің гүлі»
14.06.2022

Жыл сайын кітапхана жазғы мектеп жанындағы лагерьлермен бірлесе жұмыс істейді. Балалар жылы аясында Өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Бала – өмір гүлі» жобасын ұйымдастырды. Жоба аясында «Би жарысы», «Угадай песню по эмодзи», «Мен де актермін», «Игротека», «Сүйікті мультфильмдер көру» секілді шығармашылық және ойын алаңдары ұйымдастырылады.

«Шаршауды білмейтін шебер қолдар» шеберлік сыныбында балалар сәндік-қолданбалы шығармашылық түрлерімен танысады – квиллинг, декупаж, аппликация, қағаз пластикасы және қызықты композициялар жасайды.

Кітапхана шеберханасы сұлулық пен мейірімділікті қабылдауға үйретеді, халықтық дәстүрлермен таныстырады, көркемдік және эстетикалық тәрбиенің негізін қалайды.

Жаз басталғаннан бері шығармашылық және ойын алаңдарына № 2 лицейдің, №4 ЖББМ, №14 ОМ, № 30 ЖББМ және қаланың жекеменшік білім беру мекемелерінің оқушылары келді.

Шеберлік сыныбы мен ойын алаңдарына 500–687 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы кез келген адам жазыла алады.





Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus